ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ТҮСКІ ЖӘНЕ КЕШКІ УАҒЫЗДАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)

16 қаңтар 2025 157 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жамағатқа түскі бесін және кешкі ақшам уағыздары тұрақты түрде жүргізілуде.

Дін қызметкерлері жамағатқа имандылық, сабырлылық, қайырымдылық, отбасылық құндылықтар және жастар тәрбиесі сынды маңызды тақырыптарда тағылымды насихат жасап келеді.
Сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шариғат аясында дұрыс бағыт-бағдар беріледі.

Мешіттерде ұйымдастырылатын бұл уағыздар жамағат арасында рухани бірлікті нығайтып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға үлкен септігін тигізуде. Жамағат мүшелері де уағыз барысында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазалап жүрген мәселелеріне жауап алуда.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі елордалық жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру үшін жүйелі жұмыстар атқаруда.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру