«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

23 ақпан 2025 832 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде жамағатқа «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмыстары бойынша семинар өтті.

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты таныстырылып, оның негізгі қағидалары түсіндірілді.

Семинарға мешіт имамдары, жамағат және жерлеу рәсімдерімен айналысатын мамандар қатысты. Шараның басты мақсаты – халыққа зиратқа бару әдебі мен ислам шариғатындағы жерлеу рәсімдерінің дұрыс орындалу тәртібін үйрету.

Жиын барысында қатысушыларға шариғат талаптарына сай жерлеу рәсімдерін өткізу, қабірлерді күтіп-ұстау мәдениеті және артық ысырапқа жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты негізінде шариғатқа қайшы әдеттерден сақтану қажеттігі айтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру