«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «АТАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» БАСҚОСУЫ ӨТТІ (ФОТО)

17 сәуір 2025 137 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында рухани-танымдық іс-шара өтті. Басқосуға мешіт ақсақалдары мен тұрақты жамағат қатысты.

Іс-шара барысында ел ішінде кеңінен насихатталып келе жатқан «Дін мен дәстүр» жобасы аясында пікір алмасу жүргізіліп, діни тәрбие мен ұлттық құндылықтар мәселесі сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының 3-томы таныстырылды.

Кездесу соңында ақсақалдар мұндай игі басқосулардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру