РАНТ МҮШЕСІ ЕЛОРДАДА НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

23 ақпан 2025 869 0
Оқу режимі

Астана қаласына арнайы іссапармен келген Алматы қаласы «Қалқаман» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Руслан Қамбаров өкілдікке қарасты қала мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, әртүрлі мекемелерде үгіт-насихат жүргізді.

Атап айтқанда, Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен діни ағарту жұмыстары аясында РАНТ мүшесі Дін істері басқармасының қызметкерлерімен және «Әл-Ғани», «С. Ғылмани», «Әл-Фәттаһ», «Әл-Фараби», «Ақ мешіт», «Райса ана», «Ырыскелді қажы» мешіттерінің жамағатымен кездесіп, өзекті тақырыптарда уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, Астана медресе-колледжінің студенттерімен кездесіп, «Білімге деген құштарлық» тақырыбында ой бөлісті.

Сондай-ақ, Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға және мешіт жамағатымен өткен әртүрлі рухани кездесулерге қатысты. Жалпы, бұл кездесулерде 2 000-нан астам адам қамтылды

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру