ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА БІРШАМА ПӘТУАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

24 ақпан 2025 801 0
Оқу режимі

Республикалық Бас мешітте өткен Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіт бас имамдарымен кеңейтілген жиында Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы Ғұламалар кеңесінде қабылданған біршама пәтуаларды таныстырып өтті.

Жиынға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда мешіттерінің бас имамдары және әйел ұстаздар мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Атап айтсақ, бүгінгі күні өзекті болып отырған криптоволюта мәселесі қаралып, осы бойынша ғұламалар тарапынан қабылданған үкімдер егжей-тегжейлі таныстырылды. 

Жиын қорытындысы бойынша діни қызметкерлерге бірқатар нақты міндеттер жүктеліп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар белгіленді. Мешіт имамдары мен ұстаздарына ғұламалар бекіткен пәтуаларды негізге ала отырып, жамағатқа шариғи тұрғыдан дұрыс бағыт-бағдар беру қажеттігі ескертілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру