«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

04 сәуір 2025 445 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай әйел жамағатына «Жаман ойдан аулақ бол» тақырыбында уағыз кеші өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекетқызы және басқа да әйел ұстаздар мен жамағат қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға жаман ойлардан сақтану, мұсылман әйелдерінің рухани тазалығы мен қоғамдағы орнын нығайту туралы айтылды. Динара Құтқожақызы өз сөзінде, адамның ақыл-ойы мен жүрегінің тазалығы адамның ішкі дүниесін қалыптастыратынын атап өтті. Ол жаман ойлар мен теріс ниеттердің жүрекке әсер етіп, адамның болмысына теріс ықпал ететінін түсіндірді. Сонымен қатар, әйелдердің өз-өзіне сенімі мен рухани күш-жігерін арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, имамдар мен әйел ұстаздардан жауап алды. Олар исламның әйелдерге қатысты үкімдері, жаман ойлардан сақтану жолдары мен отбасындағы рухани тәрбие мәселелері туралы түрлі сұрақтар қойды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру