«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» БАСҚОСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

11 сәуір 2025 482 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай «Әжелер мектебі» клубының басқосу жиыны өтті.

Жиынға қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов Ислам дініндегі әйелдің орны тақырыбында уағыз-насихат жасап, сүбелі әңгімелерін өрбітті.

Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекет ақ жаулықты аналарымызбен ары қарай сұхбатты жалғастырып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, жиын барысында қатысушы әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарын ұштастыру жайында пікір алмасты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру