«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)
04 сәуір 2025
444
0
Оқу режимі

«Әлжан Ана» мешітінің наиб имамы Бердімұрат Сайынұлы Астана қаласында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты балалар кітапханасында кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында наиб имам «Діни әдебиеттердің сараптамадан өтуі» тақырыбында кеңінен ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Діни басылымдардың сараптамадан өткізілуінің маңыздылығын атап өтіп, оқырмандарға сенімді және мақұлданған әдебиеттер ұсынудың маңызы жайында сөз қозғады. Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар көкейдегі сауалдарына тұщымды жауап алды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру