Жесір әйел өз қайнысына тұрмысқа шықса бола ма?

09 қыркүйек 2020 10421 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Қайтыс болған ағасының әйелін, яғни жеңгесін қайнысы алуға бола ма? Е. Қалиев


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Хадисте: «Егер сендерге діні мен мінез-құлқы ұнайтын кісі сұрап келсе, оған (қыздарыңды) тұрмысқа беріңдер. Әйтпесе, жер бетінде бүлік пен орасан зор бұзықтық еткен боласыңдар[1]»,-деп айтылғандай, жесір әйелдің тұрмыс құрмай жүруі ар-намысына және жалпы қоғамға зияны тиеді. Күйеуі қайтыс болған әйел өзі қалаған ер кісімен қайта шаңырақ көтеруіне болады. Дегенмен, мінезі жақсы және діндар қайнағасы немесе қайнысына тұрмысқа шығуы басқа ер кісіге жар болудан әлдеқайда жақсырақ. Оның көптеген пайдасы бар.

1. Марқұмның бауырлары жетім балалардың ағасы болғандықтан, олардың мейірімі мен қамқорлығы басқа ер кісіден қарағанда көбірек;

2. Шариғат бойынша әйел қайта тұрмысқа шықса, қызын қайтыс болған (немесе ажырасқан) күйеуінің туыстарының қамқорлығына беруі керек. Ал, қайнысына тұрмысқа шықса, қыз әйелдің жанында қала береді;

3. Әйелдің сол шаңырақта қалуы ата-енесі және басқа да туыстарының қамқорлығы мен мейірімінде болуының кепілі;

4. Балалары да анасының басқа кісіге тұрмысқа шыққанынан гөрі, өз әкесінің бауырлары қарамағында болғанын көбірек қалауы мүмкін.

 


[1] Тирмизи

Пікірлер Кіру