ӘРБІР АДАМҒА БІР ШАЙТАН ТИЕСІЛІ МЕ?

02 қазан 2024 1091 0
Оқу режимі

Сұрақ: Әрбір адамға бір шайтан тиесілі деген рас па?


Жауап

Жауап: Жындардың кәпірлерін «шайтан» деп атайды және олардың саны өте көп. Санының қанша екені бір Аллаға мәлім. Әрбір адамды бақылап жүретін шайтан болады. Бұл мәселеге қатысты пайғамбар (с.ғ.с.): «Менің жыным маған бағынған» (Термези, Муснад, III / 309), – деп айтқан.

Жындар – жақсылық жасауға қабілеті жоқ, тек жамандық жасайтын рухани болмыстың түрі: «Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» (Хижр: 15/27).

Жынның шын есімі – Әзәзіл. Ол тәкаппар болып, Алланың әміріне қарсы келіпген соң «жын» және «шайтан» есімдерін алды.

Жалпы адамның рухани жетілуіне және Алла Тағала алдындағы құлшылық парызын өтеуіне ең үлкен кедергі – шайтан. Құранда шайтан адам үшін «адуу-у мубин», қазақша мағынасы – «анық дұшпан» деп сипатталған.

Алла, Құран Кәрімнің көптеген аяттарында мүміндерді шайтаннан Өзінен пана сұрауға шақырған. Шайтанның ең үлкен мақсаты – адамдарды дінінен алыстату. Егер бұл нәрсе қолынан келмесе, оларды шіркке итермелейді. Алайда, мұнымен қанағаттанбастан қатыгез, құмар, ойын-сауықшыл етеді.

Сонымен қатар өзіне дос қылған адамды күндіз-түні бұзықтық немесе шірк жолында қызмет қылдырады. Жоғарыда айтқандай, бұл оның басты мақсаттарының бірі. Өйткені, жай бір мүшрик әзәзілдің иелігінде болса, ал сол жолда қызмет ететін мүшрик – оның жан жолдасына айналады.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру