Құранды басыма жастап жатсам не болады?

27 қыркүйек 2018 11328 0
Оқу режимі

 Ассалам алейкум. Сіздерден сұрайын дегенім: жатарда жастығымның астына Құран сынды қасиетті кітаптарды қойып жатсам бола ма? Қайратқызы Айсұлу


Жауап

Уа алейкум ассалам. Бұл сұраққа Имам Алауддин Хаскафи: «Құран кітапты бастың астына қойып жату – мәкрүһ.  Алайда, Құранның ұрлануынан қауіптенсе, онда мәкрүһ емес»[1], – деп жауап берген екен.

Ал, Құраннан тыс тәпсір сынды басқа діни кітаптар жайында Имам Ибн Абидин оны да жастанып жатудың мәкрүһ екенін, алайда ұрлануы сынды нәрселерден қорықса, онда оның еш әбестігі жоқтығын айтады[2].

Сәттілік иесі Алла ғана.

 

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Дуррул-мухтар
[2] Хашияту Ибн Абидин

Пікірлер Кіру