Намазда имам қателессе, жамағат не істеу керек?

04 маусым 2021 8622 0
Оқу режимі

Ассәләмуғәләйкум!
Имамға ұйып намаз оқып тұрған кезде имам қателессе, жамағат не істеуі қажет?
Жұмағалиев Ақылбек


Жауап

Уағалейкум ассалам!
Имам намаз ішіндегі парыз немесе уәжіп амалды кешіктірсе немесе ұмытып жатса ұйып тұрған ер кісілер «субхана Алла» деп тасбих айтуы, ал әйелдер қол соғып белгі беруі сүннет. Сонымен бірге, намаз оқушыны біреу байқамай алдын кесіп өтпек болса және т.б. сол сияқты кедергінің алдын алу үшін де намазхан тасбих айтып ескерту қажет.
Әбу Һурайра (р.а.): «Ер кісілер «субхана Алла» деп айтады, ал әйелдер қол соғады[1]»,-деген риуаят жеткізген. Ал, Саһл бин Сағд (р.а.): «Анығында, әйелдер қол соғады, ал ер кісілер тасбих («Субхан Алла» деп) айтады», – деген хадис риуаят еткен.

Қол соғуға қатысты екі түрлі нұқсау бар:
1. Тасфих (қол соғу) – оң қолдың сыртымен сол қолдың алақанын ұру;
2. Тасфиқ (шапалақ) – оң қол алақанын сол қол алақанына ұру.

 


[1] Муслим

Пікірлер Кіру