«Мұсылман аналары» дегеніміз кімдер?

19 мамыр 2021 8410 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Пайғамбарымыздың жұбайларын не себепті «мұсылмандар анасы» деп атайды? Бұл жөнінде Құранда не айтылған?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайларына мұсылмандар аналары деген қадірлі есімді Құран Кәрім берген. Алла Тағала: «... ал, Оның (Пайғамбардың) жұбайлары – олардың аналары..[1]», – деп әмір еткен.

Сондықтан да әрбір мұсылман Пайғамбардың (с.ғ.с.) Құдай қосқан қосақтарын өз анасындай құрметтеуге міндетті. Сонымен бірге, туған шешесіндей болған «мұсылман аналарына» үйлену түбегейлі тыйым етілген. Бұл – Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) және оның жұбайларына деген Жаратқанның құрметі. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «...Сендерге Алланың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің – Алланың алдында өте үлкен күнә[2]», – деп баян етілген.

Ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) өмірлік жар болған мұсылмандар аналарының қысқаша хронологиясы төмендегідей:

[1] Ахзаб сүресі, 6-аят
[2] Ахзаб сүресі, 53-аят

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру