Тіс түзету күнә бола ма?

09 сәуір 2021 6557 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Бала күннен қисық біткен тістерді арнайы брекет киіп түзету қаншалықты дұрыс? Шариғат бұған рұқсат береді ме?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Тісті түзетуге қатысты шариғатта ешбір тыйым жоқ. Алайда, бұл түзету қисық тұрған тіске ғана қатысты. Бұған негіз ретінде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ғарфажаның мұрны кесілгенде, орнына алтын мұрын қоюға рұқсат бергенін айтуға болады. Осылайша, қажеттілік болғандықтан, жасанды алтын мұрын қойған.

Ал, енді, түзу тұрған тісті көңілі толмағандықтан немесе ойындағыдай әдемі ету үшін түзетуге рұқсат етілмейді. Өйткені, бұл Алланың жаратқанын өзгертуге ұмтылу боп табылады. Бұған қатысты, Құран Кәрімде: «...Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Алланың жаратқанын өзгертеді...[1]», – деп шайтанның адам баласын азғыратындығы баян етіліп, ескерту жасалған.

Ал, хадисте: «Алла Тағала қас жұлғанды және жұлдырғанды, шаш жалғағанды және жалғатқанды және тісін сән үшін түзеткен, Алланың жаратқанын өзгерткен әйелдерді лағынет еткен[2]», – делінген.

Міне, түйіндейтін болсақ, тіс ауырғандықтан немесе кемістігін түзету үшін емес, бар болғаны сән үшін түзетуші әйелдің үкімі. Бірақ, қисық тісті түзеудің ешбір күнәсі жоқ.

 


[1] Ниса сүресі, 119-аят
[2] Бұхари, Муслим

Пікірлер Кіру