Бұл қандай дұға?

09 наурыз 2021 5747 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! «Лә илаһә иллаллаһулазыйм-улхалим лә илаһә иллаллаһу раббул-аршилазыйм лә илаһә иллаллаһу раббуссамауати уә раббул-әрди раббул аршил-кәрим» (Мүслим)  Алтынбек Альдиев


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Хадисте айтылған бұл дұғаның мәтіні төмендегідей:

لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَوَاتِ، وَرَبُّ الْأَرْضِ، وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ

Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ, Ол, Азым – ұлықтық Иесі, Халим – кешірім Иесі. Алладан басқа құдай жоқ, Ол –арш Раббысы Азым Алла. Алладан басқа құдай жоқ, аспандар мен жер Раббысы. Ол – арш[1] Раббысы Карим Алла[2]» Бұл дұға Бұхари және Муслим еңбектерінде жазылған.

Дұғада Алла Тағаланың бірнеше көркем есім сипаттары айтылған, олар:

1. Азым – Алла Тағаланың құдіреті мен сипаттарының ұлықтығын білдіретін есім.

2. Карим – Алла Тағаланың шегі мен есебі жоқ жақсылықтары мен жомарттығын білдіреді. Бұл жақсылық, кеңшілік және құрмет түрлерін қамтушы есім.

3. Халим – кешірім мен кеңшілік Иесі. Алла Тағала пенделер көп күнә жасап, қарсылық көрсетсе де жазасын асықтырмайды әрі олардың ризық-несібесін тоқтатпайды.

Бұл – маңызды әрі ерекше мән берілетін дұға түрі. Аталмыш дұғаны қиыншылық кезде және маңызды іс кезінде оқыған құп саналады.

Табари: «Алдыңғы буын ғалымдар бұл дұғаны айтып, оны қиыншылық дұғасы деп атайтын[3]»,-дейді.

Дұғаның мазмұнынан уайым-қайғы мен қиыншылықты жеңудің және шешімін табудың жолы – иманда, Алла Тағалаға шынайы және ықыласпен сенуде екенін көрсетеді.

 


[1] Арш – Алла Тағала жаратқан ғаламат жаратылыстардың бірі
[2] Бұхари, Муслим
[3] Науаи, шарх алә Сахих Муслим

Тегтер: дұға арш хадис
Пікірлер Кіру