«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

13 қаңтар 2024 982 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Ғани» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Мақсатбек Қайырғалиев «Бес парыздың бірі – зекет» тақырыбында жамағатқа жұма уағызын айтып, зекет туралы жан-жақты мәлімет беріп өтті.

Атап өтсек, ол кімдерге парыз, зекетті қандай адамдар бере алады, зекет берушінің Алланың алдындағы дәрежесі секілді тұстары қамтылып, жамағат тағылымға толы уағыздан мол ғибрат алды.

Зекет сөзінің тілдік мағынасы: «тазару», «өсу», «көбею».  Ал, шариғаттағы мағынасы: «Мұсылман адам Алла Тағаланың разылығы үшін нисапқа жеткен мал-мүлкінің белгілі мөлшерін шығарып, оны шариғат белгілеген адамдарға иелендіру». Яғни арнайы адамдарға берілетін міндетті садақа.

Возможно, это изображение 12 человек и текст

Возможно, это изображение 3 человека и помост

Возможно, это изображение 9 человек

Возможно, это изображение 8 человек, помост и текст

Пікірлер Кіру