Зекет қоры: Өңірлердегі қайырымдылық шарасы жалғасын табуда (ФОТО)

30 қаңтар 2019 6649 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының бастамасымен облыс және аймақтарда «Алланың үйін таза ұстайық» атты іс-шара өз жалғасын табуда. Аталған қайырымдылық жобаның аясында Қостанай өңіріндегі өкілдік жергілікті жастармен бірлесіп, мешіт ауласына тазалық жұмыстарын атқарды.

Сол секілді, «Жылулық сыйла» атты шара барысында Алматы өңіріндегі «Зекет» өкілдігінің көмегімен көп балалы Ержанова Күлайхан анамыз 2 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Шымкент қаласында орналасқан «Зекет» қорының өкілдігі «Мұқтаждың мұңын бөліс» жоба барысында мүмкіндігі шектеулі екі жанға мүгедектер арбасын сыйға тарта отырып, 1 тонна көмір және азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Аталған жоба легімен Маңғыстау облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға азық-түлік үйлестіріліп берілді.

Сонымен қатар, «Зекет» қоры 2019 жылғы жоспарына сәйкес Түркістан облысы, Шардара ауданында өкілдіктің ұйымдастыруымен әр отбасыға 18 мың теңгеден бөлінген 50 отбасыға жалпы есеппен 900 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

28 қаңтар Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» мешітінде және Қызылорда қалалық «Ерназар Мақсұм» мешітінде жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, зекет жайлы уағыз айтылды.

Қостанай облысы бойынша «Зекет» өкілдігінің қамқорлығындағы Шәймерденов Эмирхан Азаматұлына 317 510 теңге емделуіне жинап берілді.

Астана қаласында жұмыс аптасы «Зекет» қорының қызметкерлері мен демеушінің мұқтаж жандардың үйлерін аралаумен басталған болатын. «Зекет» қорының қамқорлығындағы отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетілді.

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру