«Зекет» қоры елордамыздағы 50 отбасыға азық-түлік таратты (ФОТО)

10 сәуір 2019 6940 0
Оқу режимі

«Тайқазан» жобасы аясында ай сайын жетім мен жесірлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға демеу көрсетіледі. Әрбір азық-түлік себетінде жарма өнімдері, сұйық май, макарон өнімдері, қант, тұз, бұрыш, томат пен шай бар. Жалпы салмағы 40 килограммнан асады.

«Зекет» қорының атқарушы директоры Талғат Сейіткәрімұлы шараға қатысып, қайырымдылық жасаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғап, арнайы келген «Асыл арна» телеарнасына қордың жұмысы туралы сұхбат берді. Айта кетсек, «Зекет» қоры қаламыздың тұрғындары тапсырған аяқ киім, ыдыс-аяқ, балаларға ойыншықтар мен киім-кешекті апта сайын көмекке зәру жандарға таратып тұрады.

Егер қайырымдылық істерде қандай да бір көмек көрсетуге дайын болсаңыз, мына телефон номерлері бойынша хабарласуларыңызға болады: 8 775 417 19 12; 8 708 723 74 09

 

Дереккөз: «Зекет» қорының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру