ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «МӘЙІТТІ ЖУЫП, КЕБІНДЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

12 қаңтар 2024 2137 0
Оқу режимі

Бүгін «Ырыскелді қажы» мешітіңде әйел жамағатына арналған «Мәйітті жуып, кебіндеу» тақырыбында практикалық семинар өтті. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша Қамқор Шарапат салттық қызмет көрсету орталығы насихатталды.

Семинарда ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Эльмира Бұхарбаева әйел адамдардың ақырет киімдері, олардың атаулары мен түрлері, өлшемдері туралы баяндап, іс жүзінде әйел киімдерін пішіп, таныстырды. Одан кейін мәйітті жуу тәртібі, ескерілетін жағдайлар, тыйымдар, жуу барысында қажетті заттар туралы кеңірек айтып, маникен арқылы жуындыру мен кебіндеу рәсімін көрсетті. Семинарға қатысушылар сұрақтарына толық жауап алып, берері мол осындай семинарлар алдағы уақытта да өткізіліп тұрса деген өтініштерін жеткізді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру