«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

26 наурыз 2024 1148 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде Рамазанда дұрыс тамақтану мәселесіне байланысты әйел жамағатына семинар өтті.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызының қатысуымен өткен басқосуға спикер ретінде дәрігер, терапевт, эндокринолог Севара Ибрагимова шақырылды. Ол әйел-қыздарға тамақтанудың нормалары мен негізгі тәртібі, ораза кезіндегі адам ағзасында болатын құбылыстар мен өзгерістерге сай тамақтанудың үлгісін көрсетті.

Айта кетсек, ораза кезінде бір күндік ашығудан соң дұрыс тамақтана білу денсаулық үшін өте маңызды болып саналады. Сол себепті мамандар ауызашар мен сәресі уақытына дұрыс мәзір енгізуді ұсынады.

Возможно, это изображение 12 человек и помост

Возможно, это изображение 8 человек, помост и текст

Пікірлер Кіру