Түрік актрисасы босқындарға үй салып берді

12 наурыз 2019 6372 0
Оқу режимі

Жуырда түркиялық актриса Газме Озчелик Бирмаға өзінің қайырымдылық қоры қаражатына тұрғызылған жаңа үйлердің ашылу рәсіміне келді. Қуанышты хабарды актриса өзінің әлеуметтік желі оқырмандарымен бөлісті. Бұл туралы Ansar.ru сайты Yeni Şafak ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Газме Озчелик – «Үмітке ұмтылғандар» қорының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Ол өткен дүйсенбіде мұсылман рохинджаларға арналған лагерьге келді. Сапар геноцидке ұшыраған этнодіни азшылық қауымға арналған 25 үйдің ашылу рәсіміне қатысу мақсатында жасалған.

Сондай-ақ Аракан территориясына Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі басқарма, Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау және гуманитарлық көмек қоры және Түркия Қызыл Жарты ай ұйымы көмек көрсетіп келеді.

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру