Тұңғыш Президент Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

26 ақпан 2020 4537 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар діни саладағы ағымдағы жағдайды талқылап, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.

-Тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің тиісті білім мен тәжірибеңіздің бар екенін білемін. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, - деді Елбасы.

Дереккөз: egemen.kz

Пікірлер Кіру