«ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

24 қараша 2024 126 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі «Жастар ісі» секторының «Төлебай» мешітіндегі жауапты мамандарының ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін» тақырыбында жиын өтті.

Жиында «Төлебай» мешітінің бас имамы Әділхан Иманәліұлы жас шәкірттерге өзінің ақыл-кеңесі мен үгіт насихатын айта отырып, үнемі жақсылыққа ұмтылудың, болашаққа игі жоспарлар мен мақсат құрудың артықшылықтарын сөз етті.

Ғылым мен технология дамыған заманда діні мен дәстүрін қатар ұстана отырып, имани иммунитетті басты іргетас ретінде қалап, жаңашылдыққа ұмтылу, өзгерістер мен сырттан келетін жақсы да жаман факторларға жауап бере алу, өзге елдің артықшылықтарын үйрене отырып, дініміз мен әдет-ғұрпымызға жат дүниелерден сақтану мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Пікірлер Кіру