ТАТАРСТАНДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

29 шілде 2024 1066 0
Оқу режимі

Ресей мүфтилер кеңесі мен РФ мұсылмандары діни басқармасы, Мухаммад бин Заид атындағы БАӘ Гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен Татарстан астанасы Қазан қаласында «Рухани Жібек жолы: Үлкен Еуразия кеңістігіндегі дәстүрлі құндылықтардың маңызы» V халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Халықаралық іс-шараға мұсылман елдерінің мүфтилері мен дін ғалымдары, Қазақстан атынан Бас мүфти тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, баяндама жасады. Ершат Ағыбайұлы қатысушыларға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, конференцияның маңызына тоқталды.

Айта кетейік, аталмыш халықаралық жиын бұған дейін Қытайда (2016), Ресейде (2017), Қырғызстанда (2018) және Қазақстанда (2019) өткен болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру