«СУЫҚ КҮНДЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА»: «ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІ ДЕ САУАПТЫ ІСКЕ АТСАЛЫСТЫ

15 ақпан 2024 1378 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Ерболат Нұрылдаұлының бастамасымен қала мешіттері қақаған суықта көше тазалап жүрген тазалықшыларға ыстық тамақ пен шәй таратып, «Суық күнде жылу сыйла» акциясын бастаған болатын.

Соның ішінде қалалық «Ырыскелді қажы» мешіті де сауапты іске атсалысты. Ақпанның ақ боранында қар басып қалған қала көшелерін тазалап жүрген қызметшілерге бір уақыт ыстық тамақ ұсынып, ыстық шаймен бойын жылытып, аз уақыт болса да дем басуына мұрсат беру – үлкен сауап.

Қасиетті Құранда «Алланың өздеріңді үнемі көріп тұратынын қаперлеріңде ұстап, тек игі істер істесеңдер, өздерің үшін жақсылық істегендерің» («Исра» сүресі, 7-аят) делінеді.

Шын мәнінде сүйікті қаламыздың тазалығын сақтап, көзге көрінбейтін ауыр жұмысты атқарып жүрген бауырларымыздың алғысын алып, көңілін бір серпілтіп қою өте маңызды және тәрбиелік мағынасы терең амал. 

Дерккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру