Сауд Арабиясының мемлекеттік арнасында әйел адам тұңғыш рет жүргізуші болды

24 қыркүйек 2018 6213 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясының тарихында тұңғыш рет мемлекеттік арнасында әйел адам жаңалықтар жүргізуші болды.

Журналист Виам аль-Дахил (Weam Al Dakheel) диктор Омер эм Нешванмен бірге Al Saudiya телеарнасында кешкілік жаңалықтар блогын жүргізе бастады. Консерваторлық корольдік тарихында әйел адамның тележүргізуші болуы айтарлықтай шара екені айтылады. 

Дахиль - Ливан америкалық университетінде журналистика факультетін тәмамдаған. Осыған дейін ол Al-Hayat газетінде, CNBC Arabia, Al Jazeera және Al-Arab телеарнасында жұмыс істеген.

Соңғы уақытта Сауд Арабиясында әйел құқығын кеңейтуге арналған қадамдар жасалуда. 2017 жылы қыркүйекте әйел адамның көлік жүргізуіне тыйым салынған көпжылдық заңды өзгертті, 2018 жылы 1 шілдеде бұл заң мүлде күшін жойды.  2018 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге мейрамханаға, кинотеатрға және спорттық стадиондарға баруына рұқсат берілді. 
 

Пікірлер Кіру