Сарыағаштағы құрылысы бітпеген мешіт те арыстықтарға есігін айқара ашты (ФОТО)

25 маусым 2019 5227 0
Оқу режимі

Арыс қаласынан үдере көшкен жұрт мешіттерде жан сауғалауда. Сарыағаш ауданында 6 мешітке 500-дей адам орналыстырылды.

Әлі құрылысы бітпеген мешітке де жүз адам жайғасты. Оларға төсеніш пен ас-су жан-жақтағы мешіттерден жеткізіліп жатыр. Істің басы-қасында ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебек жүр. Абайсызда осындай күйге түскен арыстықтармен тілдесіп, көңілін аулап бағуда. Мешіттерде қазан асылып, ыстық тамақ әзірленіп жатыр. Мешіт қызметкерлері түгел аяқтарынан тік тұрып, көмек көрсетуде.

Бала-бақшалардан балаларын таппай қалған ата-аналардың бір қатары Сарыағашта қауышты.

Дереккөз: yassi.kz

Пікірлер Кіру