«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 643 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында отбасыларға арналған семинар болып өтті.

Мешіттің бас имамы Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен жүзеге асқан жиында отбасы құндылықтары дәріптелді. Атап айтсақ, жанұядағы ене мен келіннің, ер мен әйелдің арақатынасы мен міндеттері жайлы үгіт-насихат айтылды. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері тарапынан енді ғана «тәй-тәй» басып келе жатқан кішкентай бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Кеш соңында қатысушы отбасылар жайылған арнайы дастарханнан дәм татып, еліміздегі әрбір отбасыға Алла Тағала бақ пен береке берсін деп дұға-тілек жасалды.

Пікірлер Кіру