Рохияньялық босқындардың экологиялық зиянын анықтады
24 қыркүйек 2018
6760
0
Оқу режимі
БҰҰ рохияньялық босқындардың қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны жөнінде баяндама жариялады. Ресми құжатта Мьянма мемлекетінен қашып шыққан миллиондаған босқынның Бангладештегі Кокс-Базар қаласы маңына орналасқаннан кейінгі қоршаған ортаға тигізген жеті түрлі әсері жайлы айтылған.
Зерттеулер барысында БҰҰ сарапшылары босқындардың бір айғы тіршіліктері үшін 6 800 тонна отын мен баспана жасауға 60 тонна бамбук сабағы қажет екендігі анықталған. Қазіргі уақытқа дейін босқындар лагеріндегі баспаналар үшін жергілікті орманның 4 300 акр жері оталып кеткен екен. Бұл көрсеткіш, экологтардың пікірінше, қоршаған ортаның толықтай жойылып кетуіне әкеліп соғатын болмақ.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру