РАНТ МҮШЕСІ АСТАНАДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

25 сәуір 2025 71 0
Оқу режимі

Астана қаласына арнайы іссапармен келген Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы және Ақтөбе қаласы дін істер басқармасының ақпараттық түсіндіру тобының (ААТ) мүшесі, РАНТ мүшесі Күзенбаев Нұрлыбек Шакизадаұлы өкілдікке қарасты қала мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, әртүрлі мекемелерде үгіт-насихат жүргізді.

Атап айтқанда, Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен діни ағарту жұмыстары аясында РАНТ мүшесі Дін істері басқармасының қызметкерлерімен және «Әл-Ғани», «С. Ғылмани», «Әл-Фәттаһ», «Әл-Фараби», «Ақ мешіт», «Райса ана», «Ырыскелді қажы» мешіттерінің жамағатымен кездесіп, түзеу мекемесінде өзекті тақырыптарда уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, «Хусамиддин Әс Сығанақи» инстуты және Астана медресе-колледжінің студенттерімен кездесіп, «Білімге деген құштарлық» тақырыбында ой бөлісті.

Сондай-ақ, Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға және мешіт жамағатымен өткен әртүрлі рухани кездесулерге қатысты. Жалпы, бұл кездесулерде 2 000-нан астам адам қамтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру