«РАМАЗАНДА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕНБІЛІК СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
09 наурыз 2024
1369
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен жамағатқа Рамазанда дұрыс тамақтану мәселесіне байланысты кезекті сенбілік семинар болып өтті.
Спикер ретінде нутрициолог маман Саян Серікқызы арнайы қонаққа шақырылды. Ол әйел-қыздарға тамақтанудың нормалары мен негізгі тәртібін, ораза кезіндегі адам ағзасында болатын құбылыстар мен өзгерістерге сай тамақтанудың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, алда келе жатқан қасиетті айдың құрметіне орай шәкірттерге бір апталық мәзір (гайд) сыйлыққа берілді.
Айта кетсек, ораза кезінде бір күндік ашығудан соң дұрыс тамақтана білу денсаулық үшін өте маңызды болып саналады. Сол себепті мамандар ауызашар мен сәресі уақытына дұрыс мәзір енгізуді ұсынады.
Пікірлер
Кіру