Рамазан айының басталуына орай 25 отбасыға қайырымдылық жасалды (ФОТО)

02 сәуір 2022 3410 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан басталуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Төлебай» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған шара аясында 25 мұқтаж отбасыға азық-түлік қоры таратылды.

Мешіт бас имамы Асхат Салимов жамағатты Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазанның сүйіншісі ретінде ұйымдастырылған шараның мән-маңызын түсіндіріп, жамағатпен бірге дұға жасады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру