«РАИСА АНА» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

15 қазан 2023 1925 0
Оқу режимі

ҚМДБ  Астана қаласының өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рақымқызы Раиса ана» мешітінде «Сағындым сені Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші өтті. Берекелі басқосуға Әйел-қыздар секторының Астана өкілдігі бойынша меңгерушісі Эльмира Бұхарбаева, «Ғылмани» мешітінің ұстазы Көксеген Айгүл қатысып, әйел жамағатына Мәуліт мерекесінің маңызы жайлы тұшымды насихат айтты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған мерекелік шара аясында Пайғамбарымызға салауат айтылып, Сүйікті Елшісінің өнегелі өмірі насихатталды. Мәуліт айын ұлықтап, оның мән-маңызын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында арнайы әзірленген бейнебаян көрсетілді.

Шара соңында «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің шәкірттері арасында ұйымдастырылған Салауат жарысының жүлдегерлері марапатталып, арнайы «Алғыс хат» пен сыйлықтар табысталды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру