«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

24 сәуір 2025 154 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Раиса ана» мешітінде «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық – ұрпақ мұрасы» атты рухани-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын, ұлттық тәрбиесі мен мәдениетін насихаттайтын құндылықтар кеңінен таныстырылды. Кимешек үлгілері арқылы еліміздің әр өңіріне тән ерекшеліктер көрсетілсе, құрақ көрпе жасау өнері ұлттық сана мен қолөнер шеберлігінің айшықты көрінісі ретінде баяндалды.

Әжелердің жүректен шыққан ақ баталары жиналғандарға рухани әсер сыйлап, салт-дәстүрге негізделген сахналық көріністер тәрбиелік мазмұнымен үйлесім тапты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру