Қытай мұсылмандары мешіттің сүрілуіне қарсы шеруге шықты

11 тамыз 2018 9234 0
Оқу режимі

Қытай елінің Нинся провинциясындағы Вэйчжоу Орталық мешітін билік өкілдері заңсыз салынған деп тауып, жақында сүріп тастауға шешім шығарған болатын. Нинся провинциясы билігінің бұл шешіміне қатысты құқыққорғаушылар ұйымдары мұсылмандарға жасалған тағы қысым түрі деп байбаламдаудан басқа айтары болмай отыр.

Ал, провинция басшылары болса, Вэйчжоу мешітінің сәулеті қала келбетіне сәйкеспейді дегенді уәж қылып алға тартуда.

Алайда, құлшылық ордасының сүріліп тастауына жергілікті мұсылман қауымы қарсылық танытып, 9-тамыз күні Орталық мешіт жанында наразылық шеруін өткізді. Бесін намазынан бастап кеш түскенге дейін мешіт алдынан тарқамаған наразылық шеруі ақыр соңында провинция басшыларының әзірге құлшылық ордасын бұзбау туралы уәдесіне қол жеткізген.

Сидячая забастовка у мечети.

Пікірлер Кіру