Қылмыскердің анасы ұлынан қалған қаржыны таратуға көшті

11 қыркүйек 2018 6269 0
Оқу режимі

Былтырғы жылдың қазан айында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтіп жатқан музыка фестивалінде Стивен Пэддок есімді лаңкес Mandalay Bay қонақ үйінің 32-қабатынан көрермендерге оқ жаудырып, 58 жанның өмірін қиған болатын. Сондай-ақ, 800-дей жан түрлі дене жарақатын алған еді.

Кейіннен белгілі болғандай, Стивен Пэддок айтарлықтай ауқатты болмаса да, орта дәулеттілердің қатарында болып шықты. Оның есепшотында жарты миллионға жуық доллар бары анықталған. Бұған қоса, ол қымбат қару-жарақтар топтамасын жинаумен айналысқан екен.

Қылмыскердің барлық қаржысы мұрагерлік жолмен оның анасына қалдырылған. Алайда, анасы оның бір тиынын да өзіне қалдырмастан, құрбан болғандардың жанұясына таратып беруді жөн санаған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру