ҚМДБ төрағасы көпбалалы отбасыға үйдің кілтін табыстады (ФОТО+ВИДЕО)

04 наурыз 2019 5964 0
Оқу режимі

ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қоры көпшілікке жуырда ғана «Ел үлесі пәтерге» атты жобасын ұсынған болатын. Сол жоба арқылы 11-нші баспана Алматы облысы Ақсу ауданының 6 балалы Саудабековтар отбасына бұйырды.

Көктемнің алғашқы жұмасында баспана кілтін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты жиында Бас мүфти «Зекет» қорының қайырымдылық бағытындағы нәтижелі жұмыстарына тоқтала келе, осындай игі істің басы-қасында болып,  атсалысқан азаматтарға, үлес қосқан барша жұртшылыққа үлкен алғысын білдірді.

«Зекет» қорының қызметкерлері жоба аясында мұқтаж отбасыларға баспана алып беру үшін арнайы шот ашып, баспана алып беруге көмек көрсеткісі келетін жомарт жандарды мына есеп-шотқа қаражат аударуға шақырады.

Каспибанк терминалы аркылы:
KaspiGold 5169 4931 5008 2959
ЖСН 680524300990 (шот Талдықорған өңірлік «Зекет» корпоративтік өкілі Сарымолдаев Серік Құсайынұлы атынан ашылған)

QIWI кошелек:
8 701 755 31 46

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қоры
БИН 110540000991, ИИК: KZ078560000005250671, КБе 18
«Банк ЦентрКредит» АҚ Талдықорған қаласы, БИК: KCJBKZKX
Мекен жайымыз: Талдықорған қаласы, Талдықорған орталық «Иман» мешіті, Алдабергенов көшесі, 204. тел. 8 (7282) 301757

Толық ақпаратты 8 701 755 31 46 нөмірінен алуға болады

 

Дереккөз: Талдықорған өкілдігнің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру