ҚМДБ төрағасы: Ел мен жердің тыныштығы баршамызға аманат

11 ақпан 2020 5118 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы азаматтарға жалған ақпаратқа алданып, сезімге беріліп, біреуге қиянат жасап қою үлкен күнә екенін естен шығармауға шақырды. 

«Раббымыз қасиетті Құранда бір адам хабар әкелсе, оның байыбына бармай амал етпеуді бұйырады. Біз осыдан мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес екенін түсінеміз» — дейді Бас мүфти. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы жекелеген адамның өзара келіспеушілігі қоғамдық деңгейдегі мәселеге айналып кетпеуі керек екендігін айтты. 

«Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Шариғатымыз адамдар арасына араздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тыйым салады. Бұл заңға да қайшы. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы.  Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім. Өйткені ел мен жеріміздің тыныштығы баршамызға аманат», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 
 

Пікірлер Кіру