ҚМДБ-30: Алматы қаласы әкімі мерейтойымен құттықтады

05 ақпан 2020 5446 0
Оқу режимі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразға Діни басқарманың 30 жылдығына орай құттықтау хат жолдады.

«Ел игілігі жолында келелі істер атқарып жүрген Діни басқарма осыдан 30 жыл бұрын тәуелсіздігіміздің алтын бесігі Алматыда құрылған еді. Еліміздегі барша мұсылман қауымының рухани ордасы болып табылатын басқарманың қалыптасып, кемелденуі мен дамуы ару қаламызбен тікелей байланысты» деген қала әкімі ҚМДБ-ның елордаға ауысып, бүгінде мұсылман қауымның қара шаңырағына айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ Бақытжан Әбдірұлы «Жұртшылықты жақсылыққа үндеп, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауда, дәстүрлі рухани құндылықты дәріптеуде, мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды күшейтуде, өскелең ұрпақты теріс діни ағымдар ықпалынан сақтау мақсатындағы ағартушылық қызметтерде Діни басқарманың үлесі орасан зор» дей келе, басқарманың рухани қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер Кіру