Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясына келді

15 тамыз 2018 7477 0
Оқу режимі

Қазақстанның консулдығы еліміздің тиісті мемлекеттік мекемелерімен бірлесе жұмыс істеуде. Қажылық маусымда екі жыл қатарынан қазақстандық қажыларды тасымалдау отандық «SCAT» әуекомпаниясы және «FlyNas» саудиялық серіктесі арқылы жүзеге асырылуда. Аталған әуекомпаниялардың ұшақтары қазақстандықтарды Корольдіктің Жидда мен Медина қалаларына Астана, Алматы, Шымкент және Ақтаудан тікелей рейспен алып келіп, 27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында кері алып қайтады.

Қалыптасқан тәжірибе бо­йынша жыл сайын консулдық тарапынан қажылар арасында Корольдіктің заңнамаларын сақтау, түрлі жұқпалы ауру­лардың (тұмау, менингит) алдын алу үшін санитарлық-гигие­налық ережелердің сақта­луына мән беру, жергілікті салт-дәс­түр­лерге құрметпен қарау және тағы басқа да мәсе­лелер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүр­гізіледі. Мекке мен Медина қала­ларының орталық штабтарында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған стационарлық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Ол жерде қазақстандық дәрігерлер тарапынан қажыларымызға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. 

Пікірлер Кіру