Қазақстанда отбасылық сот құрылады
02 ақпан 2019
6041
0
Оқу режимі
Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов хабарлады.
Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысында Жақып Асанов еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын айтты. Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге барлық жағдай жасап отыр.
«Біз бұл мәселені таяу айдың ішінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен қараймыз. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот базасын отбасылық сотқа трансформациялау нұсқасы қарастырылады», – деді Жоғарғы сот төрағасы.
Дереккөз: Айқын ақпарат
Пікірлер
Кіру