ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПОЛЬША МҮФТИІ ОРТАҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ (ФОТО)

10 қазан 2023 1712 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Польша Республикасы мұсылмандары діни одағының Жоғарғы алқасының төрағасы Томаш Мискевич кездесіп, екіжақты меморандумға қол қойды.

Өзара ынтымақтасты арттыруды көздейтін келісім құжатында діни салада ортақ жобаларды жүзеге асыру, діни мерекелерді анықтауда бірлесе қызмет ету, ортақ пәтуа қабылдау, бірлескен конференциялар өткізу, тәжірибе алмасу сынды бағыттар қамтылған.

«Келісім құжаты екі елдің діни саладағы байланысын арттырып, ортақ мақсаттарымызды бірлесе жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін. Алла Тағала қолға алған істерімізге береке нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру