ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҒАЛЫМДАРЫ: Оразаны бір күнде бастаймыз (ФОТО)

17 сәуір 2019 6066 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің пәтуа бөлімдерінің басшылары мен мамандары бас қосты. 

Алқалы жиында 2019 жылдағы рамазан айының басталу және аяқталу күндерін белгілеу мәселелері талқыланды, сондай-ақ зекет, пітір садақасы және підия мөлшерлерін анықтау жөнінде пікір алмасты.

Сөз кезегін алған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов мұсылман күнтізбесін жүйелеу мәселесінің аса қажеттілігін атап өтіп, бұл жайында қонақтармен өзінің тың ойларымен бөлісті.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы А. Кадырбердиев жаңа айды белгілеу жөнінде жүргізген зерттеу жұмыстарын баяндап берді. Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы Пәтуа бөлімінің басшысы Х. Ишматбеков мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, жиі кездесіп тұруды ұсынды.

Кездесу соңында пәтуа бөлімінің басшылары биылғы рамазан айын бір күнде бастауға сөз байласты.

Бұл бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру