Нұр-Сұлтан өкілдігі 1500 отбасыға «Рамазан сыйлығын» таратты (ФОТО)

06 сәуір 2022 3368 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйлығы» атты қайырымдылық шарасын өткізді. «YDA» холдингінің демеушілігімен жүзеге асқан шара аясында Елолрдамыздағы 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан филиалы қызметкерлерінің қатысуымен қайырымдылық сөмкелерін мекенжайларға тарату жұмыстары да жүргізіліп, «Рамазан сыйлығы» үйлеріне жеткізілді.

Қайырымдылық шарасының ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «YDA» холдингінің өкілі Адем Карагөз және «Зекет және қайырымдылық» қорының Елорда филиалының қызметкерлері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Бас имам Ерболат Нұрылдаұлы Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы айта келе бүгінгі қайырымдылық шарасына қатысушыларға өз алғысын білдірді. Жамағатпен бірге қол жайып, жақсылық сұрап дұға жасады. 

Бас мешіттен бастау алған «Рамазан сыйлығын» тарату жұмыстарына басқа мешіттер де атсалысып, қайырымдылық шара қала бойынша жүргізілмек.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру