Ниқаб тыйымы өз күшіне енді

02 тамыз 2018 11368 0
Оқу режимі

Тамыз айының 1-жұлдызынан бастап Дания мемлекетінде қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін көлегейлейтін киім түрлеріне киім киюге салынған тыйым өз күшіне еніп отыр. Елдің Әділет министрлігі хабарлағандай, аталмыш заң мамыр айында Парламент түзетуінен өткен кейін қабылданған.

Заң жобасында атап көрсетілгендей, тыйым салынған киімдер қатарына ниқаб, бурка және балаклава жатқызылған. Ал, мерекелік маскаларға, сондай-ақ кейбір жұмысшылардың маскаларына және қатты суық күндері бетті жауып тұратын бас киімдерге бұл тыйымның қатысы жоқ көрінеді.

Аталмыш заңды бұзғандарға бірінші жолы 1000 дат кроны ( шамамен 134 еуро) көлемінде айыппұл салынса, қайталанған жағдайда 10 есе көп төлеуі қарастырылған.

Пікірлер Кіру