Наиб мүфти ақтөбелік жамағатпен кездесті (ФОТО)

24 сәуір 2019 6265 0
Оқу режимі

Кеше ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, наиб мүфтиі Әділбаев Алау Шайқымұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде жамағатпен кездесіп, дұға жасау тақырыбында уағыз айтты. Наиб мүфти мұсылманның қаруы дұға екендігі жөнінде сөз қозғап, Алладан сұраудан жалықпау, дұға жасауда сараңдық танытпау тақырыптарын тарқатты. Сондай-ақ, алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айына рухани тұрғыда қандай дайындықтар жасау керектігі жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласына ҚМДБ-ның арнайы құрылған комиссиясын бастап келген наиб мүфти А.Әділбаев кеше облыс көлеміндегі мешіт имамдарынан аттестация алған болатын. Мешіттің музей залында өткен сараптау-аттестациясына қаладан және аудандардан барлығы 104 имам қатысты. Дін қызметкерлерінің ҚР Конституциясы, Ислам тарихы, Фиқһ, ақида, ҚМДБ-ның басты 4 құжаты бойынша білімдері мен біліктілігі сараланды.

Бүгін Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, «Нұр Ғасыр» мешітінің үлкен залында жас жамағат арасында өтетін «150 жылдыққа – 150 сұрақ» атты зияткерлік сайысқа ҚМДБ-ның Төраға орынбасары Алау Шайқымұлы қазылық етеді деп күтілуде.

Дереккөз: «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру