МЕШІТТЕРДЕ ШАХТАДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДҰҒА ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

28 қазан 2023 2130 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің мешіттерінде Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайға байланысты дұға жасалды.

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде құптан намазынан кейін арнайы Құран аяттары оқылып, Бас мүфти арнайы дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Шахтадағы жарылыстан қаза тапқан бауырларымызды рақымыңа бөлей гөр. Олардың отбасыларына, жақындарына, перзенттеріне көркем сабыр, қиындықтарына жеңілдік бер. Елімізді, жерімізді түрлі жамандықтан, ауыртпашылықтан өзің қорғай гөр» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, аталмыш қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ертең, 29 қазан – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру