Мешіт жамағаты мұқтаждарға 4 тонна картоп таратты
04 желтоқсан 2019
5115
0
Оқу режимі
Ақжар ауылындағы Байжігіт баба мешітінің имамы Аманкелді қажының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты үлкен қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Жетіарал ауылдық округіне қарасты Болат жер телімінің 2 гектарына егілген картоп өнімдері түгелімен ел игілігіне жұмсалуда. Ақжар ауылындағы аз қамтылған 50 отбасыға 4 тонна картоп түгел таратылып берілді. Бұл жайлы Тарбағатай ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Сондай-ақ, тұрмысы ауыр 2 отбасыға 80 мың теңге ақшалай көмек берілсе, тағы 2 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер таратылды.
Тәуелсіздік күніне арналған осыған ұқсас тағы да басқа қайырымдылық акциялары жалғасады дейді ұйымдастырушылар.
Пікірлер
Кіру