Медресе директоры «Ы. Алтынсарин-2019» байқауының үздігі атанды (ФОТО)

29 наурыз 2019 7400 0
Оқу режимі

Амиров Абзал Майлыбайұлы басқаратын «Үшқоңыр медресе колледжі» биылғы оқу жылын, жағымды жаңалықтармен бастады. 2019 жылы колледж ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған ассоциясына (АШЮ в РК) мүше болып тіркелді және 14 студент Республикалық Кіші ғылыми академиясының практикалық конференцияларында жүлделі орындарға ие болды. Колледжде – 24 ұстаз еңбек етеді. Оның 67 % жоғары және бірінші санатты. Студенттердің білімі мен тәжірибесін ұштастыруына ҚМДБ мешіттерімен және т.б. мекемелермен екі жақты тұрақты келісім шарт жасалды. Түлектердің жұмысқа орналасуы бүгінгі таңда 95% жетті.

Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін оның еңбегі бұдан да бұрын еленіп, ҚМДБ және БҒМ – ның «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» марапатталған Абзал Майлыбайұлы ҚР білім және ғылым Министрлігінің және Қазақстан педагогтар қауымдастығының шешімімен білім және тәрбие үдерісінің дамуына, оқыту мен тәрбиенің бірыңғай жүйесін қамтамасыз еткеніне қосқан елеулі үлесі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Марапаттау рәсімін ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілі, «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы салтанатты түрде Абзал Майлыбайұлын шын жүректен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиесіндегі жұмыстарының жемісті болуына тілекпен табыстады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру