Лаңкестікке ашық үндеген Келес тұрғыны тұтқындалды

03 ақпан 2020 4356 0
Оқу режимі

Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері Келес ауданының тұрғынын қолға түсірді, деп жазады ktk.kz. 56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған.

Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған «Өзбекстанның ислам қозғалысы» идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді.

Оның үйін тінту кезінде радикалдық өзбек уағызшысы Абдуали қоридің 8 кітабы табылған. Өзі де жихадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
 

Дереккөз: ktk.kz

Пікірлер Кіру